Басты жаңалықтар
Алматыда ер адам өз қызын экскаваторман басып кетті
- автор kyn.kz
- 26 қазан, 2018
- 745
Ер адам салмағы бірнеше тонна болатын көліктің маңында ойнап жүрген 2 жасар қызын көрмей қалған
Қайғылы оқиға Алматы қаласының маңындағы Көлсай шағын ауданындағы жекеменшік секторда болды.
Ер адам үйіне келіп, экскаваторын қақпаның жанына қояды. Араға біраз уақыт салып көлікке отырып, жұмысқа оралады. Осы сәтте ол көлік маңында ойнап жүрген жасы екіге де жетпеген қызын көрмей қалады.
2 жасар бөпе сол жерде ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенше өлді. Қазіргі сәтте оқиға болған жерде жедел тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Бала өліміне ата-анасының қаншалықты қатысы бар екені тергеу және сот кезінде анықталатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




