Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Теңгенің құнсыздануына байланысты кей азаматтарға қосымша төлем жасалады

Теңгенің құнсыздануына байланысты  кей азаматтарға қосымша төлем жасалады
ашық дереккөз
Мемлекеттен айына телем олып отыратын адамдар, өздеріне қанша қаржы қосылатынын алдын ала анықтай алады
Қазақстанда зейнетке шыққаннан кейін кепілдік бойынша айырма төлемін алуға кімдерге құқық берілетінін тексеруге болатын жаңа қызмет іске қосылды.
Жаңа сервис зейнеткерлерге мемлекеттік кепілдік төлемін алу үшін ХҚКО-ға бару қажет немесе қажет емес екенін еgov.kz сайтында тексеруге мүмкіндік береді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, ведомство "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік коғамымен және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесіп "Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлеміне құқық туралы ақпарат" электрондық сервисін іске қосты. Биылғы жылдың соңына дейін электрондық сервиске "Электронды үкімет" порталында (еgov.kz) кіруге мүмкіндік болады. Осылайша, зейнеткерлік жасқа жеткен қазақстандықтар инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемді  (мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемі) алатын-алмайтынын біле алады. Егер азамат мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алуға құқылы болған жағдайда оларға жақын орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына (тұрғылықты жері бойынша) барып, өтініш беру қажеттігі туралы ақпарат шығады. Егер азамат бұдан бұрын осы төлемді алуға жүгінбеген болса немесе осы төлемді алуға құқығы болмаса, ол туралы ақпарат та осы электронды сервис арқылы беріледі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар