Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында баласынан айырылған әке дәрігерлерді пышақпен жарақаттады

Алматы облысында баласынан айырылған әке дәрігерлерді пышақпен жарақаттады
ашық дереккөз
Жарақаттанған дәрігер ер адамның үстінен сотқа шағым түсірсе баланың анасы дәрігерлерді сотқа берген.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында баласынан айырылған әке дәрігерлерге пышақ ала жүгірді. Ер адам күш көрсеткеннен кейін зардап шеккен дәрігерлерге алғашқы көмек көрсетілді, деп жазды KYN.KZ.
Ауруханаға түскен 14 жастағы бала 28 қазанда жансақтау бөлімінде көз жұмды. "2018 жылдың 26 қазанында қайтыс болған баланың әкесі реаниматолог дәрігерге, кезекші реаниматолог және директордың орынбасарына күш көрсетіп, олардың денесін пышақпен жарақаттады", — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ведомство мәліметінше, бала 26 қазан күні тамақтан уланып ауруханаға түседі. Оған дәрігерлер "Бактериалды тамақтан улану", "Жедел инфекциалды миокардит", "3-ші дәрежедегі инфекциялық-токсикалық", "Респираторлы РДС ІІІ дәрежесіндегі синдром" сынды бірнеше диагноз қойған. Араға екі күн салып бала қайтыс болды. Дәрігерлер өздерінің бала өмірін аман алып қалу үшін барлық жағдайды жасап жатқанында, науқастың әкесі медицина қызметкерлеріне дөрекілік танытқанын айтты. Сондай-ақ, олар соңғы кездері мұндай әрекеттердің көбейіп кеткенін жеткізді. "Осы жағдайды ескере отырып Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасы БАҚ құралдары арқылы қоғамның назарын дәрігерлердің қауіпсіздігіне, дәрігерлердің дәрежесін көтеруге аудартқысы келеді. Дәрігерлер науқастардың өліміне жол бермей, олардың өмірін сақтап қалуға барынша тырысатындарын айтты", — делінген ведомство мәліметінде. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өлген баланың анасы дәрігерлердің үстінен арызданғанын хабарлады. Қазіргі сәтте осы жағдайға байланысты ҚР ҚК 317-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Мұнымен қатар, медицина қызметкерінің пышақ ала жүгірген ер адамның үстінен арыз жазғаны белгілі болды. Айтуынша, баланың әкесі оның денесін жарақаттаған. Осы іске байланысты ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергеу басталды.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар