Басты жаңалықтар
Ерке Есмахан: Жаратушы бәрін үйіп бергенімен, күйеуден қысып сынап жатыр
- автор kyn.kz
- 29 қазан, 2018
- 378
Әнші болашақ күйеуіне қоятын негізгі талаптары туралы айтты.
Әнші Ерке Есмахан 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында болашақ жарына қоятын талабы мен бүгінде өнерде бағы жанғанымен жеке өміріне байланысты Алланың сынағында жүргенін ашық айтты.
“Ешқашан да бала кедергі болмаған ғой. Ол мені жақсы көрсе, ұлымды да жақсы көреді деп ойлаймын. Мен баламның барын жасырып, одан кейін барып білетіндей емес. Егер маған сөз салып, менімен бірге болғысы келсе, ол басынан бастап менің тағдырымды біледі.
Өйткені менің өмірім халықтың алдында өтіп жатыр. Сондықтан да бұл жерде бірдеңені білмей келіп, артынан түсінбей деген жоқ. Бәрі бір-бірімен үйлесімділік табу керек. Сол үшін де көп іздеп жүрмін.
Жалғыз қалып ойланатын кезім болады. Өзімнің қателігім бар ма, өзімнің бір жерім дұрыс емес па, әлде қанағат қылмай жатырмын ба деп ойлаймын. Қазіргі заманда бір-біріне үйлесімділік табу өте қиын деп ойлаймын.
Өйткені қазір бәрі білгіш, ақылды, бәрі өз-өзімен, ешкім ешкімге мойынсұнғысы келмейді. Бірақ қыз бала ретінде әрқашан да ер адамды сыйлаймын. Ер адамнан екі елі төмен екенімді әрқашан да білемін.
Сондықтан да әлі мүмкін кездестірмеген шығармын. Алла Тағала бәрін үйіп бергенімен, бір жерін ұстап қалуы мүмкін ғой. Маған осылай сынақ шығар. Өзімнің адамымды кездестіремін және де бақытты боламын.
Мен оған сенімдімін. Қорқатын жігіт басынан жақындамаса, маған ондай керек емес. Маған батыл, өзінің көңілін білдіре алатын, қандай нәрсеге де дайын адам керек”, – деді Ерке Есмахан.