Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда отадан кейін кайтыс болған бала туралы шындық әшкереленді

Алматыда отадан кейін кайтыс болған бала туралы шындық әшкереленді
ашық дереккөз
Алматыда жекеменшік емханада жасалған отадан кейін қайтыс болған баланың өліміне қатысты комиссия сұмдық жайттың бетін ашты, деп хабарлады КТК. Сөйтсе, бала алғашында хабарлағандай,  жүрегі кенеттен тоқтауынан емес, дәрігерлердің анестезиологиялық әдісті дұрыс қолданбағанынан көз жұмған. Жекеменшік клиника мамандары бала жүректің дұрыс жұмыс жасамауынан  деп істі жылы жаба салмақ болған. Бірақ , олармен келіспеген бүлдіршіннің анасы шағымданып  , іске комиссия араласқан еді. Айтқандай , анасының күдігі бекер емес екен. Мамандар тексере келе, Миронның жарасын кесіп алу үшін анестезиологиялық препаратты мөлшерден тыс және бір-бірімен үйлеспейтін дәрілермен қоса қолданған екен. Ол аз болғандай, отадан кейін де  емдеу мекемесінде дұрыс күтім жасалмаған. Салдарынан баланың ішкі ағзаларына  зақым келген.  Оқиға "Достар Мед" деген Алматыдағы жекеменшік клиникада болған. Комиссия істі дереу полицияға тапсырды. Бірақ та , клиниканың жұмысы әлі күнге дейін тоқтаған жоқ. Тек хирург, анестезиолог пен бөлім меңгерушісі жұмысынан уақытша шеттетілген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар