Басты жаңалықтар
Альварестің промоутері Головкинмен рематч 15 қыркүйекте өтетінін хабарлады
- автор kyn.kz
- 14 маусым, 2018
- 238
АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя 15 қыркүйекте Геннадий Головкинге қарсы рематч өтетінін хабарлады, деп жазды .
Осылайша, Головкин мен Канелоның командалары екінші жекпе-жектен түсетін табысты қалай бөлісетіндерін келіскен сияқты. Шамасы, GGG табыстың 42,5%-ын, Альварес 57,5%-ын алады.
"15 қыркүйекте біз жекпе-жек өткізетінімізді қуана хабарлаймын! Канело – GGG ІІ", — деп жазды Де ла Хойя.
Кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтпек. Былтыр боксшылар 16 қыркүйекте жұдырықтасып, нәтижесінде ұпайлары тең болған еді.
Келесі мақала