Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда 4 айлық сәбиді кімнің, не үшін ұрғаны анықталды

Қарағандыда 4 айлық сәбиді кімнің, не үшін ұрғаны анықталды
ашық дереккөз
Сәбиі соққыға жығылып жатқан кезде анасы саунада адамдардың алтынын ұрлап жүрген.
Қарағандыда 4 айлық сәби денесі  көгала қойдай көгеріп ауруханаға түскен еді. Безбүйрек ана тура сол сәтте баласын әпкесінің азаматтық некедегі күйеуіне тастап, өзі саунаға кеткен. Баланың анасы  сол күні 311 мың теңгенің алтын алқасын ұрлап, жергілікті полицяға түсініктеме жазған  деп хабарлайды 31 арна. Әйел полицейлерге ұрлығын мойындағанымен қамауға алынбаған. Тек қолхат жазып үйіне босатылған. Ал, баласының ауыр халде ауруханаға жеткізілгенінін әйел үйіне келгенде ғана білген. Жақындарының айтуынша, сәбиге туыс әпкесінің азаматтық некедегі күйеуі қарап қалған. Әрі ерадам баланың жылағанына шыдамай аяусыз сабап тастаған. Нәресте қазір балалар үйінде. Әйелдің бұл баладан бөлек  екі жарым жастағы қызы бар. Бұл мәселе біржақты болғанша қызы әкесінің қамқорлығында болады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар