Басты жаңалықтар
Роза Әлқожа: Бұрындары өлгім келеді деп жиі айтатынмын
- автор kyn.kz
- 31 қазан, 2018
- 1.2k
Әнші иммиджі мен семіздігін бетіне басатындарға жауап берді.
Танымал әнші Роза Әлқожа семіздігі мен киіну стилін сынайтындардан әбден мезі болған көрінеді. Ол бірден шашын қиып, рухани әрі сырт келбетіне толық өзгеріс жасағаны жайлы айтты.
“Қазір неше түрлі пікірлер есітеміз. “Арықта, стиліңді өзгерт. Шашыңды қима. Орамалыңды тастама” дегендей сөздер ғой баяғы. Стиліңді өзгертсең тағы ұнамайды! Шыны керек маған деннің саулығы, бастың амандығы қымбат. Балапандарымды жеткізіп, үйлендіріп, ұзатсам сол бақытым.Әсіресе, енді ғана төртке толатын Ясикошымды ойлаймын. Сондықтан, тірлік кешіп, еңбек етейік. Біреудің шаруасын, шаттығын, мұңын ойламай, өз басымыздың бақытын тілейік! Ұл-қызымыз үмітімізді ақтасын! Қалғаны – өтпелі өмір, уақытша қызық.
Өнер – мәңгі.Өмірді мұндай тәтті деп кім ойлаған?! Мен бұрын өлгім келеді деп айта беретінмін. Ата-ана, бауыр, сүйгенім, балаларым үшін жаным құрбан деп сөйлей беруші ем.
Сөйтсем солар үшін де өмір сүру қажет екен-ау?! Өзіме өзім дос болып, өзімді өзім жақсы көретін жасқа енді жеткенде дүниенің қызыл-жасылы бітпесе екен",-деп жазды әнші.