Басты жаңалықтар
Шымкентте 16 жастағы жас келін күйеуімен ұрысп қалғаннан кейін жоғалып кетті
- автор kyn.kz
- 31 қазан, 2018
- 867
Арайлымның тұрмысқа шыққанына енді ғана екі ай болған екен.
Әпкесі Әсел Тұрмағамбетованың айтуынша, жоғалып кеткен Арайлым Ғаниқызы тұрмысқа шыққан соң колледждегі оқуын да тастап кеткен.
Арайлым 25-нен 26 қазанға қараған түні үйінен шығып кетті. Ол күйеуімен жанжалдасып қалған соң, сырт қиімін киіп кетіп қалған. Өзімен құжаттарын алмапты, деп жазады «NewTimes.kz». Көршілері де Арайлымды көрмегенін айтты. Арайлымның өзі де ешкіммен сөйлеспейтін тұйық мінезді қыз. Психолог оның бала күнінде уайым көргендігінен тұйық болып өскенін айтқан. Арайлым отбасында асыранды қыз.
“Ол бала күнінен бізбен бірге тұрған жоқ. Өгей әкемнің інісі жол апатынын қаза болды. Артында қызы Арайлым мен әпкесі қалды. Арайлымды біз, әпкесін анасының туыстары асырап алды”, – дейді әпкесі.
Келесі мақала
Оралда акробат қойылым кезде биіктен құлап кетті
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Семейде баспана өртеніп, жеті отбасы қара суықта далада қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қараша, 2025




