Басты жаңалықтар
Орындауы қорқынышты: Әншілікке бет бұрған Жадоны әншілер сынады
- автор kyn.kz
- 31 қазан, 2018
- 293
Мақпал Жүнісова: Жадо осымен қойшы, мынау сұмдық, ұят нәрсе!
Танымал дизайнер әрі продюсер Жадо ән салып, клип түсіремін деп кәсіби әншілердің қатаң сынына ұшырады. Көпшілік Жадоның аңғалдығы мен ақшасын пайдаланғысы келетіндер оны мақтап- мақтап елдің алдына сайқымазақ етіп шығарып отыр деген пікірде.
Бұл туралы әншілер 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты.
Жадо, өлең айтпай-ақ қойшы! Ол жай хобби шығар, 2-5 өлеңге фонограмма жазып, тойға шығып жүре береді. Бірақ олар жеке концерт бере алмайды, жанды дауыспен мүлде айта алмайды.
Көзіме елестеп тұрған жоқ. Мен Жадоны сыйлаймын, өз ісінің жақсы маманы екенін білемін. Сондықтан да бізге әдемі көйлектерін тігіп, әдемі келіншек болып, шалқып, өмірде жамандық көрмей жүре берсін.
Бірақ енді әншіліктің заманынан өтіп кетті ғой ол кісі. Егер де Алла берген қасиет болса, ол баяғыда ән айтып кетер еді. Сол бермегендіктен, осы уақытқа дейін жүр ғой. Жадо, сен түсінсейші. Кешірші.Ойбай-ай, масқара.
Неге олай жасады екен? Мүмкін жанында жүрген адамдар айтты ма екен? Кейде өнер адамдары сенгіш, алаңғасар болып келеді. Ақкөңіл болып кетеді”, – дейді Мақпал Жүнісова.
“Білмеймін, шын айтайын. Адам өзінің ішкі жан дүниесі нені қалайды, соны істеу керек. Ұнамады, шошытты. Мен Жадодан мұны күтпеп едім”, – деді абдырап қалған Мәдина.
Келесі мақала