Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылордада 22 жастағы ару мал бордақылаумен айналысады

Қызылордада 22 жастағы ару мал бордақылаумен айналысады
ашық дереккөз
Шыныбаева тек сиыр мен жылқыны ғана емес құстың түр-түрін семіртіп сатуда
Қызылорда қаласының тұрғыны Карина Шыныбаева мал бордақылау кәсібін қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қаланың іргесіндегі Қарауылтөбе ауылынан жер алып, шаруа қожалығын ашқан Карина жылқы бағып қана қоймай, құстың түр-түрін өсіріп отыр. «Бизнесімді бастау үшін Қызылордадағы кәсіпкерлер палатасынан кеңес алдым. «Бастау» жобасынан кәсіптің қыр-сырын үйренуге тырыстым. Көптен бері ойымда жүрген жоспарым - мал бордақылаумен айналысуға бел байладым. Себебі, Сыр өңірінің халқы жылқы етін көп тұтынады. Әсіресе, қысқы соғымға алатын адам көбейеді. Бизнес идеям қолдауға ие болып, «Аграрлық несие корпорациясы» 10 миллион теңге несие берді. Оған 30-ға жуық жылқы сатып алып, бордақылаудың қамын жасап жатырмыз. Бұдан басқа тауық, күркетауық, қаз, үйрек асырап отырмыз», - дейді жас кәсіпкер. Карина Шыныбаева 17 жасында тұрмыс құрған. Қазір екі баланың анасы. Оспановтар әулетіне келін болған оның кәсібіне ата-енесі мен жолдасы қол ұшын беруде.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар