Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Заңғар Нұртас: Керек болса, қытайша да ән айтамын

Заңғар Нұртас: Керек болса, қытайша да ән айтамын
ашық дереккөз
Ағалы-інілі өнерпаздар ағылшынша әнді акцентпен орындағаны үшін қатал сынға ұшырап, тіпті күлкіге  қалған еді. Бірақ та Қайрат та інісі Заңғарда оған еш көңілдерін түсірген жоқ.
Ағайынды Нұртастардың орындауындағы  су жаңа “My Universe” әні екі аптадан бері ел аузында жүр. Ең бастысы, халыққа хайп сыйладық, дегенді алға тартады олар. Заңғар Нұртас “Гәкку” арнасының “Ұят Parade” бағдарламасына берген сұхбатында халықтың сынын қалай қабылдағанын айтып берді. “Мен негізі көп дайындалған жоқпын, 1-2 күн дайындалдық. Бірақ енді қазақ баласы болған соң, менде акцент болмаса, ағылшын азаматында акцент болмайды ғой, дұрыс па?” – деп ақталғандай болды жас әнші. “Клип шыққан алғашқы күні жағымсыз пікірлер көңіліме тиді. Сосын “мұның барлығы хайп емес пе? Мен алғаш рет сахнаға шығып тұрмын. Бұл менің алғашқы әнім, алғашқы бейнебаяным,соған қарамастан 2-3 күнде мені халық танып жатса,оның несі жаман ? – деп ойладым”, – дейді Заңғар ағынан жарылып. Бұл орайда Қайрат Нұртастың інісі ағылшынша әнге шала дайындалғанын мойындап отыр. Заңғар аталған әнші америкалықтардың да, ағылшындардың да тыңдамайтынын біледі. Соған қарамастан, ол шет тілінде ән жаздыруының себебін түсіндірді. “Қазір ХХІ ғасыр, жаңа форматта, жаңа стильде ән шығару керек. Барлығын көру керек қой. Ағылшынша, орысша, қытайша айтамын. Керек болса, қазір-ақ қытайша айтып бере аламын. Бірақ Қазақстанда барлығынан сын табылады. Сондықтан да оған көңіл аудара бермеу керек деп ойлаймын”, – дейді Заңғар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар