Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тұңғышбай Жаманқұлов басына қиындық түскенде табалаған әріптестері туралы айтты

Тұңғышбай Жаманқұлов басына қиындық түскенде табалаған әріптестері туралы айтты
ашық дереккөз
Актер: Өмірімде біреуге тіземді батырмағам, қателігі мен талантсыздығын бетіне айтқандарым көп болды.
Танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов қызметін асыра пайдаланды деп өзіне тағылған айып пен жеп қойды деген 200 мың АҚШ долларын жала деп атады. Актердің сөзінше бұл жерде ешқандай да мансаптық, қаржылай немесе таққа талас емес, бар мәселе министр мен жеке басының сыйыспауында екен. Бұл туралы актер 31 арнадағы "Информбюро" жаңалықтар қызметіне келіп, баяндап берді. Жаманқұловтың атына арыз түсіп, іс қозғалған кезде әріптестері мен өнердегі замандастарының арасынан тек мақпал Жүнісова мен Олжас Сүлейменов журналистерге сұхбат беріп, болып жатқан жағдайға араласа кеткен.  Әнші Жүнісова бұл жайлы өз пікірін былай білдірген еді. "Адам өлтіргендерді де кепілмен үй қамаққа босатып жатыр. Әуелі сенбейміз Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жеді дегенге. Қалаберді ел танитын адамды бірден қамап тастағанға келіспеймін",-деген еді. "Мені қорғап, сөзімді сөйлеген Олжас Сүлейменов болды. Ол кісі президентке дейін хат жазды. Мен елбасынан "кір болып қалдым. Ақтап алыңыз" деген емеспін. Мен мәселенің бір жақты қаралмауын сұрадым. Халықаралық деңгейдегі Сүлейменовтің хатына Үкіметтегілер назар аудармағанда басқасынан не қайыр. Шындап келсе бұл жерде ешқандай мансап, ақша мәселе емес. барлығы мен ерегіскен министрмен болып тұр. Қазір тексерсе де мен ештеңе жеген жоқпын. Мен сенемін ақ екенім соңында дәлелденеді. Ал әріптестерімнің қолдаудан қашқаны жайлы айтар болсам, мен соңғы қызметімде 9 жыл отырдым. Ешкімге жағынуды ойлаған емеспін. Шынымен істей алмайтын актерлерге талантсыздығын бетіне айттым. Ол шындық болған жағдайда. Сондықтан жылдар бойы маған қарсы  ішінде ашу жинаған актерлер жоқ болды деп айта алмаймын. Қазір менің денсаулығым да жақсы. Жауларыма айтарым, ауырып қалады деп армандамасын",-деп түйіндеді сөзін Тұңғышбай Жаманқұлов.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар