Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әнші Дәулет Болатов ауыр дертке шалдықты

Әнші Дәулет Болатов ауыр дертке шалдықты
ашық дереккөз
Дәулетке нақты диагноз қоюдың өзіне қытай дәрігерлері қыруар қаржы сұрап отыр.
Әнші Дәулет Болатов ауыр дертке шалдықты, деп жазды KYN.KZ сайты. Қазір оған қазақстандық дәрігерлер желке омыртқасының дисклері зақымданған деген диагноз қойыпты. Бірақ ол нақты емес. Дәулеттің халі нашар болғандықтан қазақстандық белсенділер оны шетелдік профессорларға алып барып қаратуды көздеп отыр. Соған байланысты Инстаграм желісінде  daulet_fan_help парақшасын ашып, көмек қолын созғысы келетіндердің қаражатын топтастыруға кіріскен.
Болатов Дәулет Сембекұлы 10.11.1994 .
Тараз қаласындағы Қазақ-Түрік Лицейінің түлегі. Қытай мемлекеті, Guandong провинциясы,Guanjou қаласындағы “Jinan” уневерситетінде білім алған. . Ресейлік "Жұлдыздар Фабрикасы" жобасына қатысып, ақтық мәреге жетіп, жүлдегер атанған. Баян Есентаеваның "Саз Әлемі"жобасында, "Әгугәй" әнімен "Жылдың Үздік Әні" номинациясын жеңіп алған. Қазақ xалқының жарық жұлдызы Қайрат Нұртаспен бірігіп, Қазақстанның барлық қалаларын аралап концерттік Тур жасаған. Дәулетке дәл қазіргі уақытта руxани және материалдық қолдау қажет. Өзі материалдық көмекті қаламаса да, шамамыз келгенше көмек көрсетуге тырысайық... Мойын бөлім омыртқасының С5-6-7 дискісінің кифоз ауруы бар орталық грыжа. (Центральная грыжа шейного отдела межпозвоночника с дегенеративным заболеванием диска С5-6-7 кифоз) [Бұл диагноз толық емес, шамалап қойылған] . ЕМІН САНАМАҒАНДА - нақты диагноз қою үшін 11 000$ - 20 000$ арасында қаражат қажет. Реквизиттер : Каспий банк: 5169 4931 4110 7725 Daulet Bolat . Каз Ком-Халық банк: 4003 0327 2713 1445 KZ876017523000083060 Болат Дәулет Сембекұлы ИИН: 941110300125 Qiwi: +77079929094
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

©️🎹 w:/несравненная @annaobozhina 🇷🇺🎶🇰🇿 #DauletBolatov #Özlüyorum 🇹🇷

Публикация от Daulet Bolatov (@bolatov_daulet)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар