Басты жаңалықтар
ШҚО-да қар жауып тұрған кезде шыршаны суарғандар күлкіге қалды
- автор kyn.kz
- 8 қараша, 2018
- 798
Коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің бұл жұмысын түсіріп алған халық желіге таратып жіберген.
ШҚО-да қар жауғанына қарамастан, коммуналдық қызметкерлер Ертіс жағасына егілген шыршаларды суаруын әлі күнге жалғастыруда. Қазір тұрғындардың түсірген видеосы желіге тарап, қызу талқыға түскен деп хабарлайды 31 арна.
Биылғы жылы Ертіс жағасына 200-ден аса көшет отырғызылған.
Мамандардың айтуынша, күз айында отырғызылған көшеттерді үнемі суармаса, олардың өспей қалуы мүмкін екен.
Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің маманы Бауыржан Сүлейменовтің айтуынша, бұл жұмыстар көшеттің үсіп кетпеуі үшін орындалады екен.
"Жас шыбықтарды күз айында отырғызғандықтан, бұл жұмыстар күнде жүргізілуі керек", - дейді ТҮКШ маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




