Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде  жарты семестр оқыған студент медициналық университетті сотқа берді

Ақтөбеде  жарты семестр оқыған студент медициналық университетті сотқа берді
ашық дереккөз
Оқу орнындағылар 19 жастағы жігіттің 122 балмен жеңіп алған мемлекеттік гранты жарамсыз деп отыр.
Өйткені білім беру мекемесі Рүстем Оңғарбаевты тегін оқытуға қарсы болып, сабақа кіргізбей қойған.  Сол себепті үш айдан бері оқуға қабылдау туралы бұйрық та шығармаған, деп жазды КТК арнасы. Рүстем Оңғарбаев лекцияда отырудың орнына, қазір үйдегі шаруаны атқарып жүр. Осы аптадан бастап сабаққа баруды қойған. Себебі, медициналық университет басшылығы дәріске келуге тыйым салыпты. Өйткені үш айдан бері оны оқуға қабылдау туралы ректордың бұйрығы шықпаған. Сондықтан студенттер санатында жоқ. Қолында тегін оқуға мүмкіндік беретін білім министрлігінің сертификаты бар болғанымен, оны университетегілер жарамсыз деп отыр. "Мені  лекцияға кіргізген жоқ. Оңғарбаев Рүстем сабаққа кіргізбеуіңізді сұрады деп кураторым жазып жіберді. Менің арманым дәрігер болу еді. Осы медуниверситетте Ақтөбе қаласында оқығым келеді",-дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны  Рүстем Оңғарбаев. Рүстем былтыр университеттің ақылы бөлімінде оқиған. Биыл тағы кешенді тест тапсыруды жөн көреді. Содан 122 балл жинап, грантқа ие болады. Бірақ оқу орнының басшылары түлекке Қазақстан азаматы бола тұра оралман ретінде жеңілдік жасалғанын айтады. Бірақ қателіктің кімнен кеткенін өздері білмейді. Грантты жарамсыз деп тану жөніндегі білім министрлігінің бұйрығы да жоқ. Рүстемнің өзге елде туылғаны рас. Бірақ оралман ретінде жеңілдік беру туралы ешқайда өтініш жазбаған. Білім министрлігінің неліктен грантты олай бөлгенін білмей дал. Сондықтан екі ортада сандалтып қойған министрлік пен сабаққа келуге тыйым салған университет үстінен арыз жазған Рүстем, әділдігін сот айтар деп үміттенеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар