Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алмас Кішкенбаев ішімдікке салынып, өзіне қол салмақшы болғанын айтты

Алмас Кішкенбаев ішімдікке салынып, өзіне қол салмақшы болғанын айтты
ашық дереккөз
Алмас: Терезенің алдында тұрғанымда қызым Зере қоңырау шалып, райымнан қайтарды.
Танымал әнші Алмас Кішкенбаев "Гәкку ФМ" радиосындағы "Шыны керек" бағдарламасында отбасы, соңғы жылдары болған жеке өмірдегі жағдайы жайлы ашық айтты. Себебі, әншінің желідегі парақшасына жазған посттары көпшілікті жиі алаңдататын жағдайға жеткен. Ол өзіне қол салмақшы туралы бірінші болып Инстаграм парақшасына да жазған еді. "Мен ішімдікке салынып, маскүнем болып кеттім деп айта алмаймын. Бірақ сол ащы суға тәуелді болған кездерім болды. Жасырып, қайтем оның салдары көп болды. Себебі де жетерлік. Салдары семіздікке шалдықтым.  Өмірмен қош айтысуға да дайын болдым",-дейді әнші. Алмас өмірден баз кешкені жайлы желідегі парақшасына жазған еді. Ол жаман ойдан, істен не қайтарғаны жайлы да әнші ашық айтты. "Терезенің алдында тұрған кезімде қызым Зере қоңырау шалып, сол мені ойымнан қайтарды",-деді әнші көзіне жас ала отырып. Алмас Кішкентай күнінен әкесінің кім екенін білмейді. Анасымен де ес білгенде табысқан. Жақында ғана ағасы дүниеден озып, анасы Алмасты танымайтын жағдайға душар болыпты. Әйелімен ажырасып, шығармашылық тоқырауға тап болған әнші ішімдікке тәуелділіктен арылу үшін тіпті дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын да мойындады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар