Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мейрамбек Беспаев: Дауысым керемет, диапазоным кең емес екенін білемін

Мейрамбек Беспаев: Дауысым керемет, диапазоным кең емес екенін білемін
ашық дереккөз
Әнші соңғы кездері не себепті хит әндер жазбай кеткені жайлы айтты.
Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев отбасы мен шығармашылығындағы жаңалықтары туралы Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбаттасты. Мейрамбек Бесбаев соңғы кездері жаңа ән жаздырып, клип түсірмей кетуінің себебін айтты. "Мен енді өзіме ән таппай сабылып, немесе сазгерлер ұсынған әндерді менсінбей жүрген жайым жоқ. Сондай бір дауысым керемет, диапазоным кең емес екенін білем. Сондықтан өзіме шақ ән іздейтінім бар. Ән таңдағанда негізінен ақындардың сөзіне көп мән беремін. Ең бірінші көрерменнің пікірі маңызды. Бір рет тойдың әнін жазып едім, халық қабылдамады. Ақылбек ұсыныс жасаған еді, халық тойшыл қауым қабылдамаған сияқты. Тойдың әні маған жараспайды екен. Сосын, қойдым. Тойға шақырту алаберу еш тиімді емес. Сол үшін тойдан аз тапсырыс алу үшін бағасын да өсіріп тастадық",- дейді Мейрамбек Беспаев. Әнші өзге әріптестері сияқты саясатқа араласып, шенеунік болуға мүлде қызықпайды екен. "Желідегі парақшамды ашсам, "маған көмек беріңізші" деген науқас балаларды көргенде жүрегім ауырады. Сондықтан еш нәтиже болмайтын сфераға барғым келмейді. Ауылда өмір сүру оңай емес. Ағам мен жеңгем ауылды жерде тұрады. Бірақ айта алмаймын. Күн көру мүлде нашар. Қарапайым ең керек зат көмір жоқ. Халықты несиеге байлап тастау деген не сұмдық", - деп күйінді әнші.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар