Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гүлзира Айдарбекова Қайратты "колхоз, орысша сөйлей алмайды" дегендерге жауап берді

Гүлзира Айдарбекова Қайратты "колхоз, орысша сөйлей алмайды" дегендерге жауап берді
ашық дереккөз
Продюсер: Жай халық тұрмақ, әншілер Қайратқа еліктеп кигенін киеді, кино да түсіріп кетті.
Танымал әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты орысша білмейді деп сынағандарға таңданысын жасыра алмады. Гүлзира ханым ұлы халықтың адамы болғандықтан бала күнінен қалада өскен Қайратты мүлде орысша сөйлетпепті. Себебін жұлдыздың анасы былай деп түсіндірді: "Қаншама елді араладым, көп елдерде сен түсінсін деп қазақша сөйлемейді. Өз елдерінде өз тілін құрметтеп өз тілдерінде сөйлейді. Солардың еліне бардың ба, өзің үшін, наныңды сұрап жеу үшін, не жолыңды табу үшін сол елдің тілімен сөйлеуің керек. Ал бізде ше?  "ойебай орысшаны қате сөйлеп қойды, колxоз" деп күледі, өз қазағымыз. Қарға қарғаның көзін шұқымаушы еді, ал адамдар ше? Біз студент болғандықтан Алматыда оқып жүріп, қара шаңырақты сыйлап ауылға енемізге барып, Қайратты өмірге алып келдік. Тек кіндігінің қаны тамған жері, Түркістан қаласы болғанымен өмір бойы Алматыда тұрдық. Мен 18 жасымнан, жолдасым 21 жасынан бастап. Жастар Қайраттан өнеге алады деп орысша сөйлетпедік. Себебі: xалықтың баласы рас. Сөйлеген сөзі тұрмақ, Қайраттың киген киімі тіптен көзілдірігі мен саxыналық киімдері, оған қоса шашының сәніне дейін жастар қайталап жатты. Бұрындары әншілер саxынада тек қара костюм шалбар кисе, тастармен өрнектелген түрлі костюмдерді Қайраттан соң кие бастады, 3д шоу концерттерді де қайталай бастады. Тіптен әнші бола тұра кино түсіріп еді, олда әншілер арасында сәнге айналып кеткеніне көздеріңіз жетті деп ойлаймын. Бұл жағдайға мен қатты қуанамын. Себебі: Қайрат үлкен-кіші демей бәріне жол сілтеді. Ал енді, қайта тілімізге келсек, жастарға үлгі болсын деп орысша сөйлетпегеннен соң, сөйлеп жаттықпаған тілде акцент міндетті түрде болады. Сіздерге айтарым: өзге тілді сөйлемегені үшін емес, өз тілін білмегендер үшін кінә, мін іздесеңіздер болады. Қазаққа қазақ тілінде сөйледің, орыс тілін қате сөйлеп қойдың деп мұқата күлу, күлген адамның өзі дүбәрә жан. Көзі ашық, көкірегі ояу адам олай мұқатпайды. "Балық басынан шіриді" деген. Сасық сөзді қойып, өз тілімізді құрметтейік ағайын! Намысшыл қазақпыз ғой, өзге елге өз-өзімізді күлкі етіп, мазақ болып кетпей оянайық Қазағым! ",- деп жазды Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар