Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бағым Мухитдинова "Кешьюден" кеткен қыздардың өтірігін ашты

Бағым Мухитдинова "Кешьюден" кеткен қыздардың өтірігін ашты
ашық дереккөз
Музыкалық продюсер:Шын мәнісінде қыздардың айтып жүргенінің бәрі өтірік.
Баян мен Бағым мақсатқыздары "Кешью" тобы мүшелерін жиі ауыстырады деген сынға қалғалы қашан. Ал танымал топтан кеткен қыздардың өзі болса, себепті түрлі тараптан тауып айтады. Бағым Мухитденова болса бойжеткендердің не себепті кеткенін еш жасырмайтынын әрі көп жағдайда қыздар жалған ақпарат тарататынын айтады. Бұл туралы НТК арнасының "Ревью" бағдарламасында айтылды. "Мен өз еркіммен кеттім. Тура бардым да Бағым Мухитденова мен Баян Мақсатқызына барып, келісімнің күші жойылмай жатып жұмыстан кететінімді түсіндірдім. Олар да менің мінезіме шыдамаған болса керек",-дейді қазір жеке ән салып жүрген Сара Амангелдиева. Топтың музыкалық продюсері болса өз нұсқасын айтты. "Шын мәнісінде бәрі өтірік. Біздің орталық кім көрінген келіп кетеберетін жер емес. Біріншіден шешімді біз қабылдаймыз. Оларды жұмысқа алатын да, жұмыстан шығаратын да өзіміз. Ал қыздардың не айтып жүргенін білмеймін",-дейді Бағым Мұхитденова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар