Тұтынушы бургер етіндегі қатты затты анықтау үшін арнайы зертханашылар көмегіне жүгінген.
"Макдоналдс" бургерінен адамның тісі шығып, тұтынушыларын шошытты. Бургер Жапонияның Канадзава қаласында сатылған. Бұл туралы AsiaOne басылымы жазған.
Қала тұрғыны өзі тапсырыс берген бургердің етінен қатты заттың тісіне тигенін байқап, тағамды жеуден бас тартқан. Ол бірден оның құрамындағы жағымсыз заттың не екенін анықтау мақсатында тексеруге жіберген.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты лабаратория қызметкерлері еттен үш бірдей қатты, үзындығы төрт және сегіз миллиметр болатын қатты затты тапқан. мамандар оның адам тісінің сынған бөлігі деген қорытынды жасаған.
Компания басшылығы Жапониядағы әрі Америкадағы асханаларында арнайы тексеріс жүргізіп, тағамға адам тісі қалай қосылып кеткені жайлы ешқандай да нақты жауап қата алмаған. Тағы оқыңыз:
Алмас Кішкенбаев ішімдікке салынып, өзіне қол салмақшы болғанын айтты
Келесі мақала