Басты жаңалықтар
Қызылорда облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті
- автор kyn.kz
- 13 қараша, 2018
- 831
Қазақстанның оңтүстігінде теміржолдағы апаттың салдарынан үш жолаушылар пойызы кешікті
Қызылорда облысының Қазалы – Сексеуіл темір жол учаскесінде жүк пойызының вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Оқиға болған жерге қалпына келтіру пойыздары жедел жетіп, жөндеу бригадалары қарқынды жұмыс істеді. Осылайша пойыздардың кешігуін барынша азайтып, қозғалысты қалпына келтіру үшін барлық қажетті шара қабылданды.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында қозғалыс араға 5 сағат 51 минут салып қалпына келтірілді.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында №378 "Маңғышлақ – Алматы"; №481 "Ташкент – Самара"; №618 "Астана – Кызылорда" жолаушылар пойыздары кешікті.Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




