Басты жаңалықтар
Сүлейменов немересінің қазасы: полковниктің қызына сот үкімі шықты
- автор kyn.kz
- 13 қараша, 2018
- 212
Сотталушы үкімнің тым қатал қабылданғанын айтып сот залында жылап жіберді.
Астана қаласы Есіл ауданының екінші қалалық сотында Ескендір Сүлейменов қаза болған жол апаты бойынша іске нүкте қойылды.
Сот айыпталушыны кінəлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі, сондай-ақ бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.
"Малика Мұхитованы Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша кінəлі деп танып, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде (қоныс колониясы ) жазасын өтеумен екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленсін", — деп үкімді оқыды судья Қанат Тобағалиұлы.
Сот Мұхитоваға қатысты бұлтартпау шарасын үкім заңды күшіне енгенге дейін өзгеріссіз қалдырды. Кейін қызды қамауға алады. "Сіздің тарапыңыздан заң бұзушылықтар болғаннан кейін, сот сізді қылмыстық заң бұзушылық жасағаныңыз үшін айыпты деп таныды. Барлық сарапшыдан жауап алынғаннан кейін, сот осындай қорытындыға келіп отыр. Сіздің татуласуға ниетіңіз болғаны ескерілді, алайда зардап шеккен тараптың ұстан ымын ескере отырып, сот қатаң жаза белгіледі. Дегенмен сот сізді үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауға алмайды. Егер сіз үкіммен келіспесеңіз, 15 күн ішінде шағымдана аласыз", — деп түсіндірді судья Қанат Тобағалиұлы. Малика Мұхитованың адвокаты Дмитрий Куряченко журналистерге сот үкіміне шағым түсіретінін мәлімдеді. "Сот үкіміне шағым түсіруге 15 күн беріледі. Менің қорғауымдағы адам бұл мүмкіндікті пайдаланады деп ойлаймын. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Бірақ мен қорғаушы ретінде оның бұл істегі жағдайын жеңілдету үшін барлық мүмкіндікті, амал-тәсілдерді қолдануым керек", — деді ол. Келесі мақала