Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Құралай ханым: Менің семинарларыма өзім сияқты су милар келеді

Құралай ханым: Менің семинарларыма өзім сияқты су милар келеді
ашық дереккөз
Белгілі психолог әйелдерге айтып жүрген ақылына қарай өзін сынағандарға ашық жауап берді.
Ел арасында әйелдерге отбасын сақтап,бақытты өмір сүрудің жолдарын үйретіп жүрген Құралай ханым өзін қатаң сынаған әйелдерге жауап берді. Көпшілік психологтың ақылына ақы төлейтіндерді қатаң сынаған болатын. Тіпті Құралай ханымды желіде  алаяқ дейтіндер де көбейген. "Құралайдан ақыл сұрағанша, Құран оқып, Алладан неге сұрамайсыңдар?! Осының айтқанынан өзгеріп шыға келсеңдер қәнеки?! -дейтін тәтелерге айтарым! Біз енді сондаймыз. Біз дегенде, мен және мен сияқтылар! Сіздер секілді, ақылды болып туа салмаған соң, құран-хадистерді оқи сала, әр әріппін түсіне қап, өмірге қолданып, күштәәәә өмір сүре салмадық, ал сондаймыз енді... Хадистерді түсініп, оны өз өмірімізге практикада қолдану үшін, біраз елден ақыл сұрап, кітап оқып, бермегенін сатып алуым керек болды қайтем енді. су ми болып, жердің бір жерінде туылсаң, онымен қоймай жарты жолда әкең өліп қалса, сөйтіп жүріп 19 жаста мәз боп күйеуге шығып алсаң, ой айта берсем енді көөөп. Сондықтан қымбаттыларым, кемеңгер-парастты болып туылған алтындарым менің парақшам, семинарларым сіздерге арналмаған! Посттарымды кезіндегі өзім секілді қаңғалақтап, шекесін анда бір мында бір соғып, елден ұрыс естіп, шәршәәәп жүрген Құралайларға арналады! Ал сіз мені блоктай салыңызшы. Коллаждың ортасында отырған, 24 жастағы, өзін әдемі болып фотоға түсіп жатыр екем деп ойлап тұрған Құралайға, және дәл қәзір сол фотодағы қызға ұқсайтын, фотодағы қыздың жүрегіндегідей жарасы бар қыздарға айтарым: Дұрыс келе жатсың! Біраз жылдан соң, осы күндеріңе, бүгінгі қиыншылығыңа сені өсіргені үшін, шыңдағаны үшін, рахмет айтатын боласың!",-деп жазды Құралай ханым.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар