Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандамыз:Димаш орыс тілінде сұрақ қойғандарға тек қазақша жауап беріп ұялтты

Қазақстандамыз:Димаш орыс тілінде сұрақ қойғандарға тек қазақша жауап беріп ұялтты
ашық дереккөз
Димаш шетелде көп жүретіндіктен бірнеше тілді білетін әнші. Бірақ бүгін Қазақстанда орыс тілінде сұрақ қоятындарға ашуланды.
Бүгін қазақстандық әнші мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесті
 Мәдениет және спорт министрімен кездескен әнші Димаш Құдайберген қазақстандық журналистердің орыс тілінде қойылған сұрақтарына қазақша жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәдениет және спорт министрлігінде Димаш Құдайбергеннің 19 қарашада Лондонда өтетін жеке концертіне дайындық барысы талқыланды. Кездесу барысында БАҚ өкілдері жас әншіге екі тілде сұрақтар қойды. Бірнеше тіл меңгерсе де, Димаш барлық сұраққа тек ана тілінде жауап берді.

"Рұқсат болса, мен қазақша жауап берейін. Қазақстандамыз", — деп сөзін бастады ол.

Димаш америкалық актриса Ева Лонгориямен араласып тұра ма? 

Димаштың өнеріне әлемге аты шыққан шетелдік жұлдыздар тәнті екенін жұрт жақсы біледі. Олардың арасында америкалық актриса әрі модель Ева Лонгория да бар. Актриса көктемде Димашты тіпті туған күнімен құттықтаған болатын. Бүгін журналистер жас әншіден Ева Лонгориямен араласып тұрасыз ба деп сұрады. "Өнер жолында етене араласу әркімнің қолынан келе бермейді. Өйткені әрқашанда уақытымыз тығыз, жұмыс кестеміз тығыз. Тіпті әке-шешеме күніне жеті-сегіз рет хабарласып тұратын едім, қазір соңғы кезде уақыт болмай қалды. Екі күн сайын бір телефон шаламын. Сол себептен өнер жұлдыздарымен тек жұмыс барысында хал-жағдай білісіп, араласып тұрамыз"- деді әнші.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар