Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда белгісіз біреулер бизнесменнің қызын ұрлап, 500 мың доллар талап етті

Алматыда белгісіз біреулер бизнесменнің қызын ұрлап, 500 мың доллар талап етті
ашық дереккөз
Қылмыскерлер жүргізушіні электрошокермен талдырып, қызды көліктің ішінен алып кеткен.
Алматыда  бизнесменнің кәмелетке толмаған қызын ұрлады деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. Алматы полиция департаменті қылмыстық полиция қызметкерлері бизнесменнің кәмелетке толмаған қызын ұрлап кетті деген күдікпен төрт адамды ұстады. Қаскөйлер бизнесменнен қызы үшін жарты миллион АҚШ доллары мөлшерінде өтемақы талап еткен. «Қылмыс 14 қараша күні күндіз, қаладағы шағын аудандардың бірінің ауласында болған. Қылмыскерлер электрошокердің көмегімен жүргізушіні байлап, салонда отырған қызды ашықтан-ашық ұрлап кеткен. Артынша ата-анасына хабарласып, өтемақы талап еткен», - делінген хабарламада. Қазіргі кезде тергеу органдары ұсталғандардың осы іске қатысын тексеріп жатыр. «Қыздың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп-қатер төніп тұрған жоқ», - дейді ҚР ІІМ өкілдері.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар