Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқтар мен Бейбіт төртінші ұлдарына ерекше есім берді

Тоқтар мен Бейбіт төртінші ұлдарына ерекше есім берді
ашық дереккөз
Тоқтар: Төрт құбыламды түгендеп берген Бейбітіме рақмет.
Жұлдызды жұпты желі арқылы төртінші мәрте ата-ана атануымен құттықтаған халықтың санында есеп жоқ. Көпшілік Тоқтар мен Бейбіт ұлдарына қандай есім берді екен деп қызықты. Тыңдармандарын қызықтырған есімді періштеге апасы яғни Тоқтардың анасы қойыпты. Бұл туралы әншінің өзі хабарлады. "Кішкентай батырдың бауы берік болсын. Әкесінен асқан ұл болып өссін",-деп жазды Зульфия. "Бүгін біз үшін ерекше күн болды. Алланың қалауымен үйімізге төртінші ұл келді. Бізді жақсы көретін барша ағайынға,қазақ еліне алғысымыз шексіз. Себебі қашанда біз үшін тілектеріңізді білдіріп,алғыстарыңызды жаудырып жатасыздар. Барашаңызға Алланың рахымы болсын. Біздің өнер өлкесінде бірге жүрген достарымызға,аға жеңгелерімізге,бауыр қарындастарымызға рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Әр бір басқан қадамымызға қырағы көзімен қараған ағайын сіздермен әлі талай қуанышымызды бөлісеміз. Аллаға сансыз мақтаулар,сансыз шүкірлер болсын қазақ халқы көбейіп жер бетіне сыймай кетсе екен деп тілейік. Ал ағайын біздің жаңа дүние есігін ашқан сәбиімізге Шаһнұр деп есімін қойды анамыз. Жаратқаннан жалбарынып перзент сұрап жүрген жандарға сұрағанын берсін жомарт Алла. Менің төрт құбыламды түгелдеп берген Бейбітіме осы бақытты көтеретін денсаулық тілеймін. Балаларымның анасы аман бол саған рахмет",-деп жазды Тоқтар Серіков желідегі парақшасына. Көпшілік жазбаның астына періште мен оның туыстарына ақ тілектерін көптеп жазды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар