Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан азаматтары Ресейде жантүршігерлік апатқа ұшырады

Қазақстан азаматтары Ресейде жантүршігерлік апатқа ұшырады
ашық дереккөз
Саратов облысында жүк пойызы мен автобус соқтығысты
Ресейде автобус пен пойыз соқтығысып, бес адам өлді, екі Қазақстан азаматы – жүргізуші мен оны ауыстырушы жарақат алды.
Саратов облысында жүк пойызының автобуспен соқтығысуы салдарынан Қазақстанның екі азаматы ауыр жарақат алды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. Жол-көлік оқиғасы сенбі күні Астана уақытымен шамамен сағат екіде (Мәскеу уақытымен 11.00) Саратов облысының Озинск ауданында болған. Саратов-Ульянов бағдарымен келе жатқан жолаушылар автобусы темiржол өткелiнде жүк пойызымен соқтығысқан. Автобуста жеті адам: бес Өзбекстан азаматы, екі Қазақстан азаматы – жүргізуші мен оны ауыстырушы болған. Барлық жолаушы қаза болып, жүргізушілер ауруханаға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шегушінің біреуі хал үстінде жатыр, екіншісінің жағдайы орташа, деп хабарлады РИА Новости. Қазақстанның Астрахань қаласындағы консулы Қанат Шекқалиев зардап шеккен қазақстандықтар жеткізілген ауруханамен байланыс орнатып жатыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар