Басты жаңалықтар
Ақтөбелік ұйықтап жатқан ұлын әйелінің көңілдесі деп ойлап, оған пышақ сұғып алды
- автор kyn.kz
- 18 қараша, 2018
- 380
Жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған 17 жастағы жігітті дәрігерлер ғажайыптың арқасында аман қалды деп отыр
Бұл туралы aktobetimes.kz сайтына сілтеме жасай отырып KYN.KZ хабарлайды.
Ақтөбеде 13 қыркүйек күні Рамиз есімді азамат өзі үш жасынан бері бағып кележатқан өгей ұлын білместікпен пышақтап, өлтіріп қоя жаздады. Рамиз есімді азамат тұрақты жұмыс істемеген. Ол әйелімен бірге үш перзент тәрбиелеп отыр.
Сол күні ішімдікке сылқия тойған отағасы бір күндік құрлыс жұмысына барып келген. Қоғамдық көлікте кондуктор болып жұмыс істейтін әйелі үйіне әлі келмеген екен. Үйдің екі кішкентайы басқа бөлмеде ойнап жүрген. Ал отбасының ең үлкен перзенті қонақ бөлмесінде көрпеге оранып ұйықтап жатқан.
Масайып тұрған кезде бірден жаман ойға барған Рамиз оны өз әйелінің көңілдесі болуы мүмкін деп қабылдайды. Мән жайды анықтамай жатып бірден оған пышақ сұғып алады.
17 жастағы Алексей не болғанын түсінбестен "Не істедім" деп айқайлаған кезде оның қасына көрші бөлмедегі бауырлары жетіп келеді.
Рамиз болса пышақ сұққан адамы өгей ұлы екенін көрген кезде не айтарын білмей кідіріп қалады. Ал балалар жеделжәрдем шақырып ағаларына алғашқы көмек көрсете бастайды.
Дәрігерлер Алексейдің жас әрі денсаулығы жақсы жағдайда болғандықтан жүрегі мен күре тамырына аз ғана жетпей қалған пышақ жарақатын жеңеді деп отыр. Сотта жәбірленуші ретінде Рамиздің әйелі мен өгей ұлы яғни Алексей қатысты. Әрі олар отағасына кешірім берді.
Істі қазір сот қарау үстінде. Әдетте заң бойынша мұндай қылмыс үшін күдікті 5-10 жылға қамау жазасын алады.