Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сқабылұлы әншілердің киносы жайлы: Ақша тапқысы келгендерге жем болған көрерменді аяймын

Сқабылұлы әншілердің киносы жайлы: Ақша тапқысы келгендерге жем болған көрерменді аяймын
ашық дереккөз
Бекболат Тілеухан: Өз өмірін жөнге қоя алмай тұрып, кино арқылы елге бірдеңе айтқысы келетіндерді түсінбеймін.
Танымал журналист Арман Сқабылұлы мен дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан кино түсіріп жүрген әншілердің қылығын "Ел аузында" бағдарламасында сынап тастады. "Қазір ақшасы бар адамның барлығы кино түсіруге құмар болып кетті. Олар халық осыдан тәлім тәрбие алсын деп отырған жоқ. Барлығы өзін танытқысы келеді, табыс тапқысы келеді. Бір екеуін көрдім. Оны кино деп атауға келмейді. Мені қынжылтатыны соған баратын көрермен. Көрермен талғамын, мәдениеті дегенді түсіріп алдық",-дейді журналист Арман Сқабылұлы. Ал дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан болса өкініш пен ұятты қылыққа толы өмірін жарнамалап жүргендерге жаны ашиды. "Маған қазір шығып жатқан өзіміздің кинолардың 90 пайызы ұнамайды. Тапқырлық болса, кәсібилік, кәсібилік болса білім, білім болса қазақылық жетіспей жатады. Киноның заңдылығын ұстану деген жоқ. Өзінің екі баласы бір әйелін тыңдата алмай отырып, өмірі өнегелі емес бола тұрып, ұятты әрекеттерге барғанын көрсетіп елді өзіне қарату мені қайран қалдырады",-дейді  дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар