Басты жаңалықтар
Гүлнұр Оразымбетова өз өмірі туралы кітап жазып сатуды жоспарлап отыр
- автор kyn.kz
- 18 қараша, 2018
- 266
Әнші: Мен кино түсіргім келмейді. Болашақта шығатын кітабымның бөлімдерін бұрыннан түртіп, жинап жүрмін.
Жеке өмірі мен тағдырына байланысты хайп жасағыш әншілердің қатарында Гүлнұр Оразымбетова да бар. Ол кезінде әкесімен жасты беделді шенеунікке тұрмысқа шығып, елді жеке басына қызықтырып қойған еді.
Кейіннен Гүлнұр ханым ол адамға расымен ғашық екенін айтып тікелей эфирлердің бірінде көзіне жас алған еді. Міне осындай оқиғалардан кейін көпшілік Оразымбетованы жақыннан тани бастады.
Бүгінде әншінің әріптестері кино түсіріп жарысып жатса Оразымбетова балалық шағы мен қазіргі өмірі туралы кітап жазуды бұрыннан жоспарлап, алғашқы жұмыстарын бастап та кетіпті.
"Мен кино түсіруді жоспарлап жүрген жоқпын. Кейіннен түсіріп жатсам таң қалмаймын. Қазір түсіремін деп айтсам, сіздер "қашан шығады?" деп асықтырасыздар. Мүмкін жоспарларым арада өзгеріп кетеді, кім білсін?
Мен бұрыннан күнделік жазып жүретінім бар. Соның барлығын жинап, жеке өмірім, тағдырым жайлы кітап жазғым келеді.
Ол әрине халыққа қызық па білмедім қазірге. Бірқ, сондай ойым бар. Ол жерде өмірімнің шаттыққа толы кездері мен қатар әрине басыма қиындық түскен сәттерді де ашық айтатын боламын",-деді Гүлнұр Оразымбетова.