Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Роза Әлқожа: Тойдан кейін екі ер адам маған таласып,төбелесіп кетті

Роза Әлқожа: Тойдан кейін екі ер адам маған таласып,төбелесіп кетті
ашық дереккөз
Әнші тойдан кейін ер адамдардың төбелесіне себепкер болып, өзі де таяқ жеп қала жаздаған.
Әнші Роза Әлқожа өнер адамдарына оққағармен жүрген дұрыс шығар деген пікірде. Себебі оның басынан өткен оқиғасы сыртқы мақтанышты емес, нәзік жанды әншілердің амандығын ойлауға мәжбүр еткен. Бұл туралы әнші "Ел аузында" бағдарламасында айтты. "Әншілерге оққағармен жүрген дұрыс та шығар. Ол мақтан үшін емес әрине. мысалы өзімнің басымнан бір жағдай өтті. Тойда ән орындап болғаннан кейін, екі ер адам менің алдыма жүгіріп келді. Шығып баражатқам. Олар менімен суретке түсуге таласып қалды да бірін-бірі жағадан алды. Сол арада аяқтары маған тиіп кете жаздады. Қашып құтылдым. Сондай кезде оққағар болса әншінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрады",-дейді Роза Әлқожа.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар