Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақбота  Дәуренге үшінші әйел алуға рұқсат берді

Ақбота  Дәуренге үшінші әйел алуға рұқсат берді
ашық дереккөз
Ақбота: Үшінші әйел бала бағып, үй шаруасымен айналысады

Біраз уақыт екінші әйел болғанын жасырып жүрген Ақбота Сейітмағамбет елдің алдына шығып, өз өмірін ашып айтып, талай адамның сынына қалған еді. Енді міне сол шу басылысымен Дәурен екеуі өздері жайлы су жаңа әңгімені ойлап тауып, тарата бастады.

Бұл жолы Ақбота Дәурен Айдарқұловқа тағы да әйел алуға рұқсатын берді деп жазады "НТК" арнасындағы "Ревю" бағдарламасы.

Көпбалалы әке атанғысы келетін актерге әйелі үшінші әйел алуға өзі кеңес берген.

"Көпбалалы әке атану үшін үшінші әйел алу керек-ау?! Оның үстіне маған үй жинайтын, тамақ істейтін, киім үтіктейтін, бала қарайтын адам керек", - деді Ақбота Айдарбекова.

Ал бұл ұсынысты әзіл ретінде қабылдаған актер де өз пікірін білдірген.

"Үшінші әйел? Мен мәжбүрлеген жоқпын. Өзің айттың", - деп күлді Дәурен Айдарқұлов.

Айта кетейік, актердің бірінші отбасында бір ұлы мен екі қызы бар. Ал Ақбота-Нұр оған Ибрахим есімді ұл тауып берді.

Қазір "Кешьюдің" бұрынғы әншісінің екінші перзентіне аяғы ауыр.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар