Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жанар Доғалова: Өлімнен қорықпаймын, керісінше оны жаратушының ең асыл үкімі деп түсінем

Жанар Доғалова: Өлімнен қорықпаймын, керісінше оны жаратушының ең асыл үкімі деп түсінем
ашық дереккөз
Әнші: Біреудің нақсүйері болғанша 10 - қабаттан секіріп мерт болғаным артық
Әнші Жанар Доғалова Майя Бекбаеваға берген сұхбатында қиялға толы әңгімелері мен өмірге деген көзқарасы жайлы ашық айтты.  Әнші әріптестерін сынамайтынын бірақ кей құрбылары сияқты "өзгенің күйеуін тартып алғанша өз-өзіме қол салып 10 - қабаттан секіріп кеткенім жақсы" дейді. "Отбасылы ер адамға көз салып, бақытты болу жайлы ойлаған да емеспін. Онсызда Жаратушы маған қаншама мүмкіндіктер, ерекше дауыс, осындай ғажайып өмір сыйлады. Мен өзіме берілген дүниені артық пайдаланудың сұрауы болады деп қорқамын. Ешкімді де сынамаймын, ешкімге ақыл айтпаймын. Бірақ біреудің бақытын бұзып, отбасын ойрандап тұрмыс құрғанша өзімді өзім 10 - қабаттан  тастап мерт болғаным абзал",- дейді Жанар Доғалова. Майя Бекбаева оған сұхбат барысында Жаратушы, күнә, жан тазалығы, келесі дүние сынды сөзерді көп қолданғанын айтты. "Ия, мен бала күнімнен Жаратушы жайлы ойлап, жан тазалығына, күнә жасап қоймауға өз- өзімді үнемі тәрбиелеу бойынша көп ойланатынмын. Қазір менің клиптеріме қарап көпшілік менің Аллаға деген адалдығыма күмән келтіретін шығар, сынайтын болар. Әрине ашық киініп, сахнада мүлде басқа адаммын. Мен өлімнен қорықпаймын. Керісінше өлім ол Алланың ең асыл дүниесі емес пе. Кейде мына бітпейтін тіршілікке қарап шаршап кетесің, бірақ оның да бітетінін түсінесің. Енді мені ажалына асыққан деп ойламаңыздар бірақ мен мына жалған өмірден, мәңгілік өмірдің ғажайыптарына көбірек ұмтыламын, қызығамын",-дейді әнші Жанар Доғалова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар