Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мен үшін дұғада болыңыздар: Елеусінов бүгін түнде бесінші жекпе-жегін өткізеді

Мен үшін дұғада болыңыздар: Елеусінов бүгін түнде бесінші жекпе-жегін өткізеді
ашық дереккөз
Данияр Монакода 33 жастағы никарагуалық Маркос Мохикамен жұдырықтасады
Боксшы Данияр Елеусінов қарашаның 24-нен 25-іне қараған түні Монте-Карлода кәсіпқой бокстан бесінші жекпе-жегін өткізеді. Ол осы қарсыласын өте мықты деп бағалап отыр, әрі оның осал тұстарын зерттеп ештеңеге қарамастан жаттығу залынан шықпай дайындалғанын да айтып өтті.
"Ол рингте аз жекпе-жек өткізген жоқ, тәжірибелі боксшы деп айтуға болады. Бірақ мен дайынмын. Барлығы тамаша, тек соңғы күндері барлық уақытымды дайындыққа арнауға тура келді", — деді Данияр. Спортшы өзіне сенім артып үнемі қолдаудан жалықпайтын жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

"Мен жанкүйерлерімнің маған қолдау көрсетіп жатқанын сезіп жүремін. Маған жанкүйер болыңыздар, мен үшін дұға етіңіздер", —деді Елеусінов.

Данияр Елеусінов 24 қарашада Монте-Карлода өтетін бокс кеші аясында 33 жастағы никарагуалық Маркос Мохикамен кездеседі. Мохика кәсіпқой бокста 16 жекпе-жек өткізіп, оның 12-інде нокаутпен жеңіске жеткен. Қазақстандықтар Елеусінов – Мохика жекпе-жегін қарашаның 24-нен 25-іне қараған түні Астана уақытымен сағат 01:00-де "Хабар" арнасынан тамашалай алады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар