Басты жаңалықтар
Данияр Елеусінов Монакода қарсыласын нокаутпен жеңді
- автор kyn.kz
- 24 қараша, 2018
- 636
Данияр: Бұл басы, жанкүйерлерімді алда үлкен жеңістермен қуантуға уәде беремін.
Монакодағы бокс кешінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов никарагуалық Маркос Мохикамен жұдырықтасып, оны нокаутпен жеңді, деп жазды KYN.KZ.
Әуесқой бокстағы барлық биікті бағындырып барып, кәсіпқой боксты қолға алған Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) бұл кәсіпқой рингтегі бесінші кездесуі.
Ал 33 жастағы Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО) одан әлдеқайда тәжірибелі екенін Даниярдың өзі де айтқан еді.
Кәсіпқой бокстағы қадамын биыл ғана бастаған Данияр төрт айқасының екеуінде қарсыласын нокаутпен жеңген.
«Казино де Монте-Карлодағы» сегіз раундтық шайқаста Данияр жекпе-жек тізгінін бірден қолына алып, соққыларын дарыта бастады. Екінші раундта-ақ қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберді.
Мохика екінші рет нокдаунға түскен сәтте гонг та соғылды. Үшінші раундта Данияр никарагуалықты тағы бір нокдаунға жіберді. Ақыры Мохика екі ауыр соққы алғаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Нокаут!
Елеусінов кездесуден кейін берген сұхбатында қазақстандық жанкүйерлерін алдағы уақытта үлкен жеңістермен қуантатынын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




