Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Профессорлар таңдай қақты: алматылық оқушы математикадан халықаралық емтиханда максималды бал жинады

Профессорлар таңдай қақты: алматылық оқушы математикадан халықаралық емтиханда максималды бал жинады
ашық дереккөз
Ақназар Қажымұрат енді әлемдегі ең мықты деген кез-келген университетке барып оқи алады.
Алматы қаласындағы  Назарбаев Интеллектуалдық мектебінің 12-сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат математикадан халықаралық дәрежедегі емтиханда  АСТ және SAT Subject Tests тапсырмасының барлық сұрағына дұрыс жауап берген. Бұл емтихан негізінен ACT (American College Testing)  АҚШ- та сол елдің жоғарғы оқу орнына түсу үшін тапсырылады.  width= Тура осы қиындықтағы сұрақтардың жартысына жауап берген талапкер сол елдегі ең мықты әрі білім сапасы жоғары оқу орындарына еркін түсе алады. Әрі АҚШ-  тың өзінде  дәл осы тесттің барлық сұрағына жауап берген талапкерлер саны ілуде біреу. Ал алыс жақын - шетелдік талапкерлер арасында  бірнеше жылда бір кездесетін жайт. Ақназар бұл тестте өзіне физика, математика және биология пәнін таңдаған. Тест сұрақтары әрине өте күрделі. Әр пәннен 800 тапсырма берілген, яғни бәрін қосқанда 2400 сұрақ. Ақназар үш пәнді қосқанда 2400  сұраққа дұрыс жауап берген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар