Басты жаңалықтар
Қазақстандықтардың Жаңа жылда қанша күн демалатыны анықталды
- автор kyn.kz
- 27 қараша, 2018
- 327
Жаңа жыл мерекесі алдындағы жұмыс аптасына сенбі, 29 желтоқсан қосылады
Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде төрт күн демалады.
Биыл демалыс сенбі, 29 желтоқсаннан дүйсенбі – 31 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша, Қазақстанда 30 және 31 желтоқсан, сондай-ақ 1 және 2 қаңтар (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі) демалыс болады.
Жаңа, 2019 жылдың алғашқы жұмыс аптасы қысқа болады, ал екінші аптасында православтардың Рождество мерекесі тойланады: 7 қаңтарда қазақстандықтарға демалыс беріледі.
Қазақстанда желтоқсан айында мереке көп – 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні аталып өтеді (ол сенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні 3 желтоқсан, дүйсенбіге ауыстырылды). Қазақстанның Тәуелсіздігі күні 16 және 17 желтоқсанда тойланады (биыл 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні – 18 желтоқсан).