Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айгүл Иманбаева 20 жыл ішінде қанша күйеуі болғанын ұмытып қалды

Айгүл Иманбаева 20 жыл ішінде қанша күйеуі болғанын ұмытып қалды
ашық дереккөз
Иманбаева:Маған бірнәрсе айту үшін адамдар мың рет ойланып жақындайды.

Өзінің суық мінезді екенін айтқан Айгүл Иманбаева адамды жанына оңайлықпен жуытпайды. Көзінде мысы бар екенін жасырмаған әнші 20 жыл ішінде қанша күйеуі болғанын білмейтінін мәлім етті деп жазады "Астана" арнасындағы  "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасай отырып KYN.KZ сайты.

"Мен өзі жаныма адамды жақындата салатын адам емеспін.

Өйткені, көзімде, өзімде мыс бар. Көзқарасымнан да кейбіреулер бата алмай тұрады", - деген актриса бағдарлама жүргізушісінің сұрақтарына қысқа жауап қайтарды.

"20 жылдың ішінде қанша күйеуім болғаны есімде жоқ. Лақтырып кеткен адам да есімде емес. 2019 жылдан қалмаймын. Мен бәрін жылда алдаймын солай. Бірақ, бұл жолы шын айтамын", - деп күлді Айгүл Иманбаева.

Айта кетейік, актриса әрі әнші Иманбаева "жақсы сөз жарым ырыс" дегенге қатты сенеді. Сондықтан да болар жылда "биыл тұрмысқа шығамын" деп жүреді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар