Басты жаңалықтар
Астанада бүлдіршін жеңіл киіммен балабақшадан қашып, көшеде жүрген
- автор kyn.kz
- 27 қараша, 2018
- 232
Күннің суығында бала бір жемпірмен жолдың жағасында ойнап жүрген.
Тәрбиеші үш қабатты жер үй ғимаратындағы заңсыз балабақшада тәрбиеленіп жатқан баладан көз жазып қалған.
Жеңіл киіммен күннің суығында жылап жүрген баланы қала тұрғыны байқап қалған.
Бала аязда үстіне жұқа жемпір, бәтіңке және колготка киіп көшеде жүрген. Баланы байқап қалған қала тұрғыны оны жақын жердегі балабақшаға ертіп барады. Сол жерде тәрбиешінің баладан көз жазып қалғаны анықталады. Әйел болған жағдай туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол, сондай-ақ, Сарыарқа ауданы ішкі істер бөліміне барып, болған жайт бойынша арыз жазған.
Астанадағы білім басқармасындағылар коттедж ғимаратында орналасқан балабақшаның тіпті тізімде жоқ екенін айтты. Аталған балабақшаның ішінде камера да, күзетші де жоқ екен.
"Тәрбиеші барлығын бақылап үлгермегендіктен, бала далаға шығып кеткен. Ата-аналардан бізге ешкім хабарласпады. Десе де біз өз тарапымыздан аталған жағдайға қатысты Астана қаласындағы білім саласын бақылау департаментіне хат жаздық", — деп жауап берді білім басқармасындағылар.
Сондай-ақ, ведомстводағылар мұндай балабақшалардың пәтерлерде немесе жертөледе болатынын айтып өтті. Яғни олар қауіпсіздік талаптарына бағына бермейді. Қожайыны заңсыз ашып алған.