Олардың ата-аналары ішкілікке салынған
Семейде жүзден астам бала тірідей жетім атануы мүмкін Себебі өңірде ішімдікке салынған отбасылардың қатары көбейген. Полицейлер бас-аяғы бес айдың ішінде 126 отбасын тіркеуге алыпты деп жазды КТК арнасы.
Полицейлер бір отбасының екі баласын балалар үйіне жіберілу мәселесі қарастырылу үстінде. Себебі, аналары соңғы ескертуді елемей, араққа сылқия тойып алған. Ал, балалары көбіне аш-жалаңаш жүреді дейді полицейлер. Рейд жүргізгендер сөзінше, алдағы уақытта ата-ана құқығынан айырылғандардың қатары көбейеді. Өйткені, маскүнемдерді қанша жауапқа тартқанымен тезге түсіре алмай отыр. Тіпті, мәжбүрлі түрде емдеткенмен, диспансерден шыға салып бұрынғы әдеттеріне қайта басады екен.
Семей қалалық ІІБ инспекторы: «Ішімдікке салынған ата-аналардың барлығына ескерту жасадық. Енді, оларға қатысты, мәселе комиссия отырысында қаралатын болады. Егер, ата-ана құқығынан айыруға шешім шығаратын болса, балаларды арнайы орталыққа жібереміз. Одан басқа амал жоқ», - деп айтты.