Басты жаңалықтар
Ресейде жол апатынан қайтыс болғандардың бірі белгілі кәсіпкер, бірі ЖОО-да ұстаз еді (фото)
- автор kyn.kz
- 30 қараша, 2018
- 235
Орынбор маңында болған жол апатында Қазақстанның 5 азаматы қайтыс болған еді.
Жантүршігерлік жол апатында қайтыс болған екі келіншек те соңғы кездері кәсіпкерлікпен айналысып жүрген. Олардың бірі Бағдагүл Елубаева Ақтөбедегі Жұбанов атындағы университетте құқықтанудан сабақ берген.
Ол екі аптадан кейін 41 жасқа толған туған күнін атап өтіп, сол күні жеке сұлулық салонының ашылу салтанатын ұйымдастырып жатқан еді, деп жазды "Диапазон" басылымына сілтеме жасай отырып KYN.KZ сайтын
"Оны қайтыс болғандар тізімінен көрген кезде сенбедік. Ол өте мейірімді ұстаз болатын. Бір жыл бұрын ғана университеттегі ұстаздығын тастап,кәсіпкерлікпен айналыса бастаған еді.
Оның туған-туыстарымен де араласатынбыз. Өзінде жеке отбасы болмады. Студенттер оны екінші анамыз дейтін. Өте ақкөңіл жақсы адам еді",-дейді марқұмның университетте бірге істеген әріптесі Әсел Бекбауова.
"Нұрдәулет" сауда үйінің басшылығы Оразгүл Тәжімұраттың өздерінен дүңгіршек жалдап, әйелдерге арналған киім сатумен айналысқанын растады.
"Әдетте ол тауарды Түркиядан алып келетін. Осы жолы Ресейге неге кеткенін де түсінбей қалдық. Ол өте ақжарқын, ешкімге жамандық тілемейтін жақсы адам еді",-дейді марқұмның дүкенінде әкімші болып жұмыс істеген әріптесі.