Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дәрігер ер адамның қуығынан түйеқұстың жұмыртқасындай тасты алды (фото)

Дәрігер ер адамның қуығынан түйеқұстың жұмыртқасындай тасты алды (фото)
ашық дереккөз
Дәрігерлер ер адамдардың қуығында тас жиналудың негізгі себебін атап, көпшілікке абай болуға кеңес берді.
Қытайдың Ухань провинциясының тұрғыны 55 жастағы азаматтың қуығындағы үлкен тасты алу үшін жедел ота жасалған. Себебі, қуығындағы ауырсынуды айтып келген ер адамды тексере келе дәрігерлердің өзі қорқып кеткен, деп жазды KYN.KZ. "Қуықтың іші толы тас болды. Ол үлкен адамның жұдырығынан да үлкен еді",- дейді дәрігер.  width= Жүрегінің ақауы бар азаматқа тек қуығының айналасындағы ауырсынуды сездірмейтін дәрі егілген. Тастың үлкендігі соншалық медициналық құралдармен алуға ыңғайсыз болған. Дәрігер тасты қолымен алып шығуға тура келгенін түсіндірген. Дәрігерлер мұндай тастың пайда болуына ер адамның суды аз тұтынуы, кіші дәретін қуығында ұзақ сақтауы әрі бір орыннан қозғалмайтын жұмыста істеуі себеп деп отыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар