Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбедегі мектептің төбесі оқушылардың үстіне опырылып түсті (фото)

Ақтөбедегі мектептің төбесі оқушылардың үстіне опырылып түсті (фото)
ашық дереккөз
9 оқушы түрлі жарақат алып ауруханаға түсті.

30 қараша күні күндізгі сағат екінің шамасында Ақтөбедегі мектептердің бірінде ғимараттың төбесі опырылып түскен. Онда тоғыз оқушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз бөліміне сілтеме жасаған KYN.KZ.

Ведомство өкілдері таратқан мәліметке сәйкес, оқыс оқиға Ақтөбедегі №40 мектептің акт залында орын алған. Екінші қабаттағы 10 шаршы метр залдың гипс-қатырма төбесі құлап кетіпті.
 

Оқиға орнында болған оқушылардың тоғызы түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді. 9-сыныпта оқитын қыз ем-дом қабылдау үшін стационарға жатқызылған. Ал қалған сегіз баланы дәрігерлер тексеруден кейін үйіне жіберіпті.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар