Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Cемейліктер ақша жинап, жетім қызға үй алып беріп қуантты (фото)

Cемейліктер ақша жинап, жетім қызға үй алып беріп қуантты (фото)
ашық дереккөз
Назерке бұған дейін өңірдегі колледж жатақханасында тұрып жүрген.
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж  ұжымы ата-ана қамқорлығынсыз қалған бойжеткенге бір бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Құны 2 млн 700 мың теңге тұратын бұл пәтер Семейдің  Шығыс кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан. Қомақты қаражатты жинау үшін педагогикалық колледждің барлық қызметкерлері Назеркенің жеке шотына бір күндік жалақыларын аударған екен. Назерке Қостаева аталмыш оқу орнын  «Педагог-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша былтыр ғана  бітірген болатын. Оқып жүрген кезінде колледждің жатақханасында тұрған. Енді міне ол өзінің жеке баспанасына қол жеткізіп отыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар