Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сот Бақытбекті ақтап алды: Нағима Есентаева ағасына қатысты сұрақтаға жауап берді

Сот Бақытбекті ақтап алды: Нағима Есентаева ағасына қатысты сұрақтаға жауап берді
ашық дереккөз
Есентаева: Мені қолдап, ағамның қылмыскер емес екеніне сенгендерге алғысым шексіз.
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бірінші күйеуі Бақытбек Есентаев абақтыдан болсап шықты, сот оның кінәсіз екенін дәлелдеді деген ақпарат соңғы күндері көптеген БАҚ-та жарияланды. Көпшілік тіпті өткен жылдың ең қорқынышты "махаббат оқиғасының" жалғасы не болады екен деп те болжам жасап үлгерді. Осы ретте Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасына қатысты жаңалықтарға байланысты пікір білдірді. "Бірнеше күннен бері жеке парақшама "Ағатайыңыздың ақталып шыққаны құтты болсын! Әділдік бары рас екен! Отбасыңызда қуаныштар көбейсін" деген тілектер мен қолдаулар, әрі осындай ақпараттың рас өтірігіне нүкте қоюды сұраған халықтың қарасы көп. Сіздерге алғысым шексіз. Ал "ағасын айтып, елдің жүрегін елжіретіп, пиар жасап жатыр" дейтіндерге Тас түскен жеріне ауыр дегім келеді. Ағам жайлы жақсы жаңалықты жарыса жеткізіп жатқандарға алғысым шексіз. Ауыздарыңызға май, Астыларыңызға тай",- деп жазды Нағима Есентаева.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар