Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қасымов қылмыскерді ұстап берген тұрғындарға ақша төлемек

Қасымов қылмыскерді ұстап берген тұрғындарға ақша төлемек
ашық дереккөз
Қасымов ішкі істер министрлігіндегі және аймақтардағы департамент, бөлімше басшыларының көбі жұмыстан босатылатынын айтты.
 Ішкі істер министрлігі қылмыскерлерге қатысты жедел ақпарат жеткізгендерге ақша төлейтін болады. Ол үшін көшедегі және қоғамдық орындағы заң бұзушылықты сурет пен видеоға түсіріп полицияға жіберу қажет. Сондай-ақ, Қалмұханбет Қасымов министрліктердегі басшылардың жаппай қысқаратынын айтты. Шамамен 450 лауазымды қызметкер жұмыстан босатылып, миллиардтаған қаржы үнемделмек, деп хабарлайды КТК арнасы.
Жуырда ішкі істер министрлігі тұрғындар қылмыскерлер туралы ақпарат жіберетін қосымшаны іске қосады. Мысалы, видео арқылы тыйым салынған жерде шылым шеккені дәлелденген азамат 7 мың 212 теңге айыппұл төлейді. Осы соманың 3 мыңға жуық теңгесі куәгерге сыйақы ретінде беріледі. "Айыппұлдың 50%-і мемлекетке түседі, 40%-і заңбұзушылық туралы хабар берген адамға беріледі. Ал 10% мобильді қосымшаны жасап жатқан компанияға тиесілі. Азаматтарымыздың 78%-інде ұялы телефон бар. Бұл әдісті АҚШ, Канада сынды елдердің тәжірибесінен алдық", — деді ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар