Басты жаңалықтар
Зарина Омарова 7 миллион теңге тұратын ішікті сыйға алғанын айтып мақтанды
- автор kyn.kz
- 10 желтоқсан, 2018
- 216
Әнші мұндай бағалы сыйлықты кімнің бергенін де жасырмады.
Танымал әнші Зарина Омарова Алматы арнасындағы "Әңгіме болсын" бағдарламасында өзінің бағалы бұйымдары мен сахналық киімдері жайлы айтты.
Журналист әншіден ең қымбат бұйымын сұраған кезде әнші аздап, ұялатынын айтты. Дегенмен оның не екеніне тоқталып, түсіндіріп айтып берді.
"Негізі мақтанған сияқты болып қаламын ба деп тұрмын. Ең қымбат киім 7 миллион тұратын тоным, ішік дейміз ғой ия? Оны маған күйеуім алып берді. Мұндай қымбат затты енді ұзақ уақыт киемін.
Ал сахналық киімдерге келетін болсам, қайта-қайта бір киіммен шыға бермеуге тырысамын. Арасында халықтың есінен шықты-ау деген кезде бұрын киілген костюмді киюге болады енді",- дейді әнші әзіл шынын араластырып.