Басты жаңалықтар
Жұлдыз Әбдікәрімова: Әулетіміздің бар табысын атамыз басқарады
- автор kyn.kz
- 22 желтоқсан, 2018
- 1.9k
Бүгінде ең табысты әншінің отбасындағы құпиямен келіншегі бөлісті.
Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова өзін он жыл үйде отырып, бірден жүргізуші, актриса болып кетті дейтіндерге HIT-TV арнасы арқылы жауап берді деп жазды KYN.KZ. "Мен үйде отырғанда да босқа қарайып отырдым деп айта алмаймын. Бала тәрбиеледім. арасында оқуымды аяқтап, білім алудың келесі сатыларына қадам басып, үнемі өзімді дамытуда болдым.
Тележүргізуші болу ол менің бала күнгі арманым. Актрисалықты оқыдым. Сондықтан, хабарсыз даладан келген адам емеспін",-дейді Жұлдыз.
Әншілігі бір төбе, одан бөлек бірталай бизнестің басын ұстап отырған Қайрат Нұртастың отбасындағы табыс пен оны реттеу жолы да көпшілікке қызық.
Бірі "Гүлзира ханым өте пысық, бәрін жайғастырып жүреді" десе, енді бірі оны "үш баласын табысына қарай бөледі" деп сынайтын. Отбасындағы табысты жарату мәселесіне байланысты Жұлдыз өз пікірін, үйдегі тәрбие мен тәртіпті айтып өтті.
"Отбасымызда "мынау менікі, мынау сенікі" деген бөліну жоқ. Барлық ақшаны атамыз ұстайды. Сол кісі өзі бөліп, өзі жоспарлап отырады. Ал менің жұмыс істеп жатқандағы табысыма келер болсам, ақша жинап жатырмын деп айта алмаймын.
Себебі, қанша тапса да әйел адамға жетпейді. Киімі бар, баратын қонағы, үйге керек заттар шығып қалады. Айлығымды сондай үлкен, сеніп қарап отырған табыс көзі деп айта алмаймын. Ол жай ғана қосымша табысым",- дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Келесі мақала