Басты жаңалықтар
Мейрамбек Беспаев Роза Рымбаеваның сынына жауап берді
- автор kyn.kz
- 22 желтоқсан, 2018
- 236
Беспаев: Ардақты достар, алып-қашпа сөзге ермей, әліптің артын бағайық
Халық әртісі Роза Рымбаеваның сынынан кейін Мейрамбек Беспаевты жақтаушылар, атақты әншінің абыройына нұқсан келтіретін сөздер мен пікірлерді жарыса жаза бастады, деп жазды KYN.KZ. Роза Қуанышқызы Мейрамбек жайлы өз пікірін айтқан кезде оған дәлелдер келтіре отырып, әншінің талғамына тоқталғысы келген болатын. Көпшілік бірден "Мейрамбекті жақтырмай отыр" деген ойда болды.
Ал Беспаев болса өзіне хат жазып, қолдайтындарын айтып жатқан халыққа мынадай кеңес берді.
"Ардақты достар, алып-қашпа сөзге ермей, алауыздық тудырмай әліптің артын баққанымыз жөн. Менің бағымды көтеремін деп, менің әпкем- қазақтың бір туар қызы Роза Рымбаеваның беделіне нұқсан, абыройына тіл тигізбейік",- деп жазды әнші Мейрамбек Беспаев.
"Шыны керек" бағдарламасында Роза Қуанышқызы Беспаевтың дауысына емес музыкалық талғамына сүйсінетінін, өзі жақсы көретінін айтқан болатын. Сөз басында Қуанышқызы шындап келсе Мейрамбекте ерекше дауыс пен адам таң қаларлық диапозон жоқ екенін ашық айтқан еді.